Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
 
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Гимні
Сөзін жазғаңдар:
Жұмекен Нәжімеденов 
Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған:
 
Шәмші Қалдаяқов 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаңшылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мақты ғой!
 
Қайырмасы:
 
Менің елім, менің елім.
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
 
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел – бақытты,
Біздің ел – осындай!
 
Қайырмасы:
 
Менің елім, менің елім.
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
 
 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы салынған мөрге қойылтан талаптар
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы салынған мөр» ҚР СТ 1430-2005 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік органдары мен ұйымдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мөрлеріне техникалық талаптарды белгілейді. Осы стандарт Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік ұйымдары қолдануға міндетті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы салынған мөр (бұдан әрі - елтаңбалық мөр) мемлекеттік орган немесе ұйым басшының қолы қойылған өтінім бойынша дайындалады.
Мемлекеттік ұйым елтаңбалық мөрге тапсырыс беру кезінде өтінімге мыналарды қоса беруі тиіс:
- дәл, айқын, таза және түсінікті орындалған елтаңбалық мөрдің эскизі;
- белгіленген тәртіппен куәландырылған толық атауы бар Жарғының (Ереженің) көшірмесі.
Елтаңбалық мөрдің қалыбы сыртқы айналым бойынша шағын мәтін орналасқан құрсаумен шектеседі. Шағын мәтін елтаңбалық мөрді жасаушы-кәсіпорын туралы ақпараттан (жасаушының атауы, лицензияның нөмері және берілген күні, мөрді жасау жылы, айы және күні) тұруы тиіс.
Елтаңбалық мөр қалыбының ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасады.Елтаңбалық мөрдегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының көрсетілген бейнесі ҚР СТ 989-2008 талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының айналасында шағын мәтін орналасады. Шағын мәтін елтаңбалық мөрдің тапсырыс берушісі туралы ақпаратты, салық тіркеу нөмерін – СТН қамтуы тиіс.
Мемлекеттік рәміздері бейнеленген материалдық объектілерді даярлауға лицензиясы бар кәсіпорындар елтаңбалық мөр дайындау мүмкін.
Павлодар облысында "Дом Печати" ЖШС елтаңбалық мөр лицензиямен дайындайды (Павлодар қ., Ленин көш., 143, тел. 32-41-77, 32-77-09).