Заказать билет
2017 жылдың 28 желтоқсанында

2017 жылдың 28 желтоқсанында «Шаңырақ» орталығының үлкен залында  «Елдігіміздің нышаны – өнер мен мәдениет» атты жыл қорытындысы бойынша  жасалатын салтанатты жиыны өтті.                                 Осы жиында Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының мәдениет қызметкерлері Құрмет грамоталары мен алғыс хатпен марапатталды.Олар: Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен джаз оркестрдің көркемдік жетекшісі - ҚР Мәдениет қайраткері Виктор Тимофеевич Шейкин, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен Ләтипа Таттімбетқызы Құрақбаева, Павлодар облыстық кәсіп одақ ұйымының Құрмет грамотасымен «Нұр» би ансамблінің жетекшісі Айгүл Рамазанқызы Дайырбаева мен Бас бухгалтер Ульмисекова Қадиша Сансызбайқызы марапатталып, «НұрОтан» партиясының Алғыс хатымен  техникалық қамтамасыз ету цехының меңгерушісі Құралай Тілектесқызы Исахановаға табыс етілді.

Жиынға қатысқан облыстың мәдениет қызметкерлері Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы мен «Шаңырақ» орталығы шығармашылық ұжымдарының концертін көріп тамашалады.

Концертке қатысқандар: «Томирис» «үлгілі» қазақ – шығыс би ансамблі, «Samiyan» тобы, Халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаттары Серік Рысбек, Дина Болатова, «Нұр» би ансамблі, «Жас қанат - 2017» конкурсының Бас жүлдегері Мадияр Бахтияров.