Облыстық филармония 1946 жылы Жамбыл атындағы филармонияның филиалыКЭБнегізінде құрылған. Алғашқы кезде құрамында 2 лекциялық-музыка тобы, қазақ музыка лекторийі, байырғы және осы заманғы музыка оркестрі сынды шығармашылық ұжымдар жұмыс істеген.1949 жылы КЭБ – ның құрамында Ертіс өңіріне танымал ақын  Байғабыл Жылқыбаев, Қайырбек  Тайкенов сынды ақындардың басшылығымен  бірнеше бригада 4 әнші мен баянист жұмыс жасады. В. И. Денисовтың басшылығымен орыс 6 концерттік бригадасында А. В. Герони, Л. М. Чжан, П. П. Симонова, К. Коломейцева, В. М. Лебковский и Л. П. Серовтар жұмыс жасады. Барлық концерттік бригадалардың құрамында  4-5 әртістен болды. 1950 жылдары аталған бригадалардың ұйымдастыруымен облыста 1000 астам концерттер ұйымдастырылып өткізілді. Оның 61-і Павлодар қаласында, ал қалған 949-ы барлық Павлодар облысының ауыл аймақтарында 100 мыңға жуық көрерменді қамтыды. Барлық облыстарда шоғырланған концерттік бригадалар құрыла бастады. 1952 жылы Павлодар облысындағы КЭБ Қарағанды филармониясына кейінірек   Петропавл КЭБ – не барлық құжаттары мен  мүліктерін берді. Павлодардағы  концертті ұйымдастыру орталығын дамытуға жасалған уақытша ғана жасалған осындай шешім  болды.1961 жылы 4 концерттік бригада Павлодар облысында Н. Т. Фёдоровтың Е. Л. Лехтердің, М. В. Вронский мен Әбдікәрімовтың  басшылығымен   жұмыс жасады.1965 жылы Тың иегерушілер өлкесінде  ҚАЗССР Мәдениет  министрлігінің  шешімімен  «Целинконцерт»  және 5 облыста филармония қайта құрылды. 1965 жылдың 1 желтоқсанында Павлодар облыстық  филармониясы ашылды. Филармонияның бірінші директоры                 В. А. Лукашевич, көркемдік жетекшісі Н. Х. Жомартов болды.Алғашында өзінің ғимараты болмағандықтан  қалалық демалыс бағы жазғы театрының 2 бөлмесіне орналастырылды. Ал, концерттерін Теміржолшылар МҮ мен Алюминий зауыты құрылысшыларының МҮ жалға  алып  ұйымдастырып өтікізген.1966 жылы Карл Маркс көшесіне қоныс аударды, 1971 жылы Ленин көшесіндегі  Колмогоров көпес үйіне көшірілді, 1975 жылы Кутузов көшесінде орналасқан Теміржолшылар МҮ жанындағы ғимаратқа көшірілген. 1979 жылдан 90 жылдарға дейін   Сәтбаев көшесіндегі Пионерлер үйінде  жұмыс жасады.Лукашевичтен  кейін филармония директорлары болып У. Оспанов,   В. Н. Линчевский, В. Камерцель, Б. Тапалшинов қызмет етеді.1971 жылы жерлесіміз Иса Байзақовтың 70 жасқа толуына орай Павлодар облыстық филармониясына ақынның  есімін берілді.1970-80 жылдар филармонияның щығармашылық ұжымында музыканың қас шеберлері В. Н. Линчевский, В. Н. Ющенко, В. Кехтер, А. Калиев, Л. Творогова, Т. Кузина, А. Кондрашов, Н. Беляева, А. Ушкац және т.б  жұмыс жасайды.70-80-жж көптеген шығармашылық ұжымдар оның ішінде Гисман Домбровскийдің жетекшілігімен  «Очи чёрные» сығандар ансамблі, «Огни Иртыша» вокалдық аспаптық ансамбль, «Көгілдір Жасыбай» қазақ ұлттық ансамблі, эстрада-циркі тобы, ВИА «Фестиваль»  ел аралап өнер көрсетті. Бұл концерттердің ішінде  В. Н. Ющенконың жетекшілігімен  ұйымдастырылып өткізілген «Пушкин в музыке», «Музыка и Есенин», «Классическая музыка» сияқты тақырыптағы  музыкалық лекторийі  ерекше орын алатын.1974 жылы облыстық филармония жанындағы балалар  филармониясы құрылды. Дирижері  әрі көркемдік жетекшісі болып И. Миронова, концертмейстері Е. Петухова қызмет етті. 80 жылдары бұл балалар филармониясын А. Кондрашов басқарды . Ұжымда 100 – ге жуық әртүрлі жастағы  балалар Павлодар, Ақсу, Екібастұз, Алматы, Қарағанды, Петропавл қалаларында көрермендердің ерекше қошаметіне бөленіп өнер көрсетті. Балалар филармониясының құрамында 5 шығармашылық топ  «Колокольчики» , «Фантазёры», балалар хоры, қазақ, орыс  ұлт аспаптар оркестрлері болды. Бұл шығармашылықтан бөлек мектеп оқушыларына арналған музыкалық лекторийін  музыкатанушы Т. И. Кузина, Л. Казакова, Н. Беляева және т.б. жетекшілігімен балаларға музыкалық аспаптар мен музыкалық шығармалары  дәріптелді.Алғаш рет 1974 жылы Қазақстанда камералық музыка фестивалінің ұйымдастырылуы филармония өмірінде елеулі орын алды. Сол жылдан бастап «Алтын масақ», «Көктем үні» сынды фестивальдер өткізу дәстүрге айналған еді.1989 жылы алғаш рет филармонияда XVII – XVIII ғасырдағы  академиялық көне музыкасы мен өз заманының тарландары өнер көрсетті.Сондай-ақ ,  сол заманның  танымал хорлардың гастрольдік концерттері де ұйымдастырылып өткізілді. Олардың ішінде  Орал (1969), Солтүстік (1967, 1971), Воронеж (1977, 1980), Волж (1961,1976, 1986), Рязан (1971), Оренбург (1969), Белорус (1967), Пятницк атындағы  хор (1974, 1983), Свешников атындағы (1972), Кубанск казак  ансамблі (1977) және т.б.  Эстрадалық ВИА–де болды  Украина, Молдова, Россия, Татарстан, Белорусия, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан,Литва, Армения. Павлодар сахнасына  сол кездегі танымал сахна саңлақтары, халық әртістері, КСРО-ның еңбек сіңірген әншілері де өнер көрсеткен. Атап айтсақ: Иосиф Кобзон,  Аскольд Беседин (1973), Маргарита Суворова (1975, 1985), Павел Вирский (1975), Кола Бельды (1976), Валентина Толкунова (1977, 1996, 1998), Батыр Закиров (1968, 1978), Зара Долуханова (1978), Галина Олейниченко (1978), Александр Ворошило (1980), Мария Кодряну (1974, 1981, 1985, 1987), Вадим Мулерман (1976, 1983), Ренат Ибрагимов (1983), Людмила Зыкина (1983), Илья Дальский (1968), Николай Гнатюк (1984, 1987), Ярослав Евдокимов (1989 г.), Ольга Воронец (1985), Владимир Трошин (1961), Леонид Утёсов (1980), Юрий Богатиков (1976), Махмуд Эсамбаев (1986), Эдуард Багдасарян (1971, 1972), Александр Шуров и Николай Рыкунин (1972), Иван Суржиков (1964, 1972), Галина Ненашева (1972), Людмила Гурченко (1970), Олег Анофриев (1972), Тамара Чабан (1966), Ирина Бржевская (1964), Людмила Сенчина (1988), Эдита Пьеха (1982, 1983), Валентина Обухова (1968), Евгений Петросян (1988), Артур Айдинян (1965,1972), және танымал әншілер  Эмиль Горовец (1968), Ирина Понаровская (1982)т.б. Филармонияға арнайы шақырылған әскери ансамбльдер де болды. Оның ішінде  Түркістандық ән мен би ансамблі (1967), Тынықмұхиттың  флоты және Сібір әскери округінен (1968) және т.б.Филармонияның дамыған шағы деп 80-90 жылдар аралығын айтуға болады. Сол жылдары қазақ өнерінде аты Мәшһүр жұлдыздары Ермек Серкебаев, Әлібек Дінішев, Роза Жаманова, Роза Бағланова, Роза Рымбаева, Дос-Мұқасан, Қаз ССР халық әртісі  Жамал Омарова, Кәукен Кенжетаев,  «Гүлдер»  және барлық Кеңес Одағының ВИА топтары  «Медео», «Ялла», «Сябры», «Земляне», «Метроном», «Флуэраш», «Верасы», «Днестр», «Эльбрус», «Ярославские ребята», «Самоцветы», «Оризонт», «Эргерон», «Белые ночи», «Славутич», «Дружба», «Кривичи», «Ладога» филармонияның ұйымдастыруымен өткізген концерттер.1990 жылдан кейінгі жағдай көпке мәлім. Тоқырау кезеңінде жұмыс барысы бәсеңдеп, қаржылық жағдайға байланысты өнер ұжымының жұмысы уақытша тоқтатылды.Тек араға бірнеше жыл салып  Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы мәдениет басқармасының  Иса Байзақов атындағы  Павлодар облыстық филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2012 жылдың 20-шы сәуірінен - 106/4 Павлодар облысы әкімдігінің қаулысы бойынша  қайта жаңғыртып, жаңа құрамменашылды.

Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының жаңа ғасырдағы жаңа белестері

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы мәдениет басқармасының  «Иса Байзақов атындағы  Павлодар облыстық филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2012 жылдың 20-шы сәуірінен - 106/4 Павлодар облысы әкімдігінің қаулысы бойынша ашылды.Қазіргі таңда ұжымда 250-ден астам адам қызмет етеді.Оның ішінде 8 шығармашылық ұжым бар. Олар:

Рүстембек Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі - бас дирижері әрі көркемдік жетекшісі   Қазақстанның  еңбек сіңірген  қайраткері Кәрімов Талғат;

Симфониялық оркестрі - дирижері әрі көркемдік жетекшісі  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Рахымжанов Болат;

Камералық хор - дирижері әрі көркемдік жетекшісі Нұрғожинова Мәдина;

«Ретро» вокалдық ансамблі - көркемдік жетекшісі Жетпісбаева Айжан

Джаз оркестрі- дирижері әрі көркемдік жетекшісі ҚР Мәдениет қайраткері Шейкин Виктор Тимофеевич;

«Нұр» би ансамблі - көркемдік жетекшісі ҚР Мәдениет саласының үздігі Дайырбаева Айгүл;

"Лад" ұлт аспаптар ансамблі – көркемдік жетекшісі  халықаралық байқаулардың лауреаты Петрушкина Оксана;

 «Samiyan» вокалдық тобы - жетекшісі  Нұрғожинова Мәдина

Дәстүрлі , классикалық, эстрадалық жеке ән орындаушылар қызмет етеді.

Кәсіпорын қызметінің мәні Павлодар облысы мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін көтеру. Облыстың қалалары мен аудандарында, Қазақстан Республикасында және шетелдерде концерттік - гастрольдік қызметті ұйымдастырып өткізген және қойылған мақсаттарды, қызметтерді іс жүзіне асыру мақсатында көзделген іс-шараларды ұйымдастырып өткізіп келеді.Филармонияға облыстағы кәсіби музыканттардың дені топтасқан. Қайта жасақталып жұмысқа кіріскелі бері қойылатын әр концерттің санына ғана емес, сапалы етіп жасауға күш салып келеді. Бүгінде облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдары мен жеке ән орындаушылары түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Сондай-ақ, дәстүрлі гастрольдік концерттерді де ұйымдастырумен айналысып келеді.Оның ішінде Қазақстанның барлық облыстары мен  республикалық, шетелдік фестивальдер мен конкурстарға қатысып үлгерді.2013 жылы Астана қаласының 15 жылдығына арналған «Серпер» қазақ ұлт аспаптар оркестрінің  фестивалі; 2013 жылы дәстүрлі «Жұлдызды Жасыбай»  Ертіс –Баян әуендері ІІІ ретро фестивалі; 2014 жылы  Нұр би ансамблі мен қазақ ұлт аспаптар оркестрінен шағын ансамблі «Les Sacres Du Foiklor» атты Францияда өткен халықаралық фестивальде өнер көрсетті; 2014 жылы Астана қаласында өткен ҚР мәдениет қайраткері, дирижер А.Жайымовтың қатысуымен қазақ ұлт аспаптар оркестрінің шығармашылық концерті ұйымдастырылып өткізілді; 2014-2015 жылдары симфониялық оркестрдің концерттік кезеңі     Туркия елінде  өткен Түркі тілдес халықтардың мәдениеті  фестивалінде  Трабзон, Самсун, Амасья, Анкара, Болу, Стамбул қалаларында және Германиядағы Нойштадте, Ландау, Шпайерде шығармашылық кештермен жалғасты; 2015 жылы Лейла Сейсенбаева    Армения Республикасы, Гюмри қаласындағы  «Возрождение»   VII  халықаралық музыкалық орындаушылар фестивалінде  30 елден келген  қатысушылардың ішінен 1  орын иегері атанды; 2015 жылы Ресей Федерациясы, Красноярск қаласында, «Геликон – опера» Мәскеу музыкалық театры ұйымдастырып өткізген Петр Словцов атындағы жас опера әншілері мен режиссерлар байқауында 42 қатысушының ішінен арнайы дипломмен Олеся Скорикова марапатталды.2015 Астана қаласында өткен XVIII Халықаралық «Шабыт» жастар шығармашыл  фестивалінде 45 елден келген өнер майталамандарының ішінен Олеся Скорикова қатысып  дипломант атанды;Жылсайын ұйымдастырылып өткізілетін «Шахимардан достарын шақырады» атты ХІ халықаралық классика  өнер  фестивалі ұйымдастырылып өткізілді. Фестивальде Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері – Айман  Мұсақоджаева, Ресей Федерациясының Еңбек сіңірген қайраткері - Валерий Ворона қатысты.Түркі елінен арнайы келген Халықаралық байқаулардың лауреаты Стамбул қаласының симфониялық оркестрдің дирижері - Михаил Искров. Халықаралық конкурстардың лауреаты, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жеке орындаушылары  - Медет Шотобаев,  Салтанат Ахметова сынды  классика  өнерінің  майталмандары  қатысты;Тәттімбет  Қазанғапұлының 200 жылдығына арналған «Бес төре» атты аймақтық күйшілер байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Бұл байқауға Қарағанды, Астана, Жезқазған, Теміртау, Павлодар облысының шертпе күйдің  шебер орындаушылары қатысты. Әділқазылар алқасының төрағасы Қазақстан Республикасының  Еңбек  сіңірген  қайраткері  Жанғали  Жүзбаев  болды; Нұр би ансамблі Әбу Даби қаласында шейх Халифа бен Заид Әл Нахаян қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен өткен Халықаралық қолөнер фестивалі Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын атап өтуі шеңберінде «Нұр» би ансамблінің гастрольдік – сапарда болып келді; Қостанай қаласы Е.Өмірзақов атындағы филармониясында  өткен «Джаз - Бомонд 2015» атты Х- халықаралық фестиваліне джаз  оркестрі қатысып, жоғары деңгейлі кәсіби шеберлігімен көрермендердің ризашылығына бөленді;Шығыс Қазақстан облыстық Семейдің Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының  70 жылдық мерейтойы қарсаныңда өткен  І халықаралық «Түркі мұрасы» дирижерлар фестиваліне Иса Байзақов атындағы облыстық филармониясы атынан қазақ ұлт аспаптар оркестрінің дирижері, әрі көркемдік жетекшісі Кәрімов Талғат Баритұлы қатысты;2016 жылдың 5-8  қаңтар аралығында  Астана қаласында өткен халықаралық  «Рождественские звезды» конкурс-фестивалінен, кәсіби ән орындаушылардың  арасынан Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының «VIVO» вокалдық тобы (жетекшісі Нұрғожинова Мәдина)  І орынға, ал «Ретро» вокалдық ансамблі ( жетекшісі  ҚР Мәдениет саласының үздігі Балтина Сәуле) ІІ жүлделі  орынға ие болды.  2016 жылдың наурыз айында Астана қаласында өткен Еркеғали Рахмадиев атындағы  І халықаралық байқауда Лейла Сейсенбаева  лауреат атанды;2016 жылдың 22-23 сәуірі аралығында Ақтөбе қаласында өткен "Жұбанов көктемі - 2016" атты Халықаралық аспаптар оркестрлері және ансамбльдерінің xалықаралық фестивалінде Уфа, Қырғызстан, Эстония, Татарстан, Түркі мемлекеті  және Қазақстан Республикасының түкпір-түкпірінен қатысқан 11 оркестрлік ұжымның ішінен Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының қазақ ұлт аспаптар оркестрі І - орынды иеленді. Дирижері әрі көркемдік жетекшісі  ҚР Мәдениет қайраткері Талғат Кәрімов. Сондай-ақ, фестивальде жеке өнер көрсеткен оркестрдің  әртісі Аманжол Жұмалин (шертер) және  Артем Александровқа (гитара) фестиваль лауреаты атағы   берілді. 2016 жылдың 27-28 сәуірінде Қызылорда қаласында өтетін Қазақстаннның еңбек сіңірген қайраткері, әнші композитор  Батырхан Шөкеновті еске алуға арналған  «Отан- Ана» атты республикалық  әншілер конкурсына Павлодар облысынан Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының әншісі Руслан Жұмабаев қатысып дипломант атағына ие болды.

Еліміздің басқа мəдени ошақтарымен қарым-қатынас

Естай атындағы Мәдениет сарайында филармония әншілерінің қатысуымен  ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған Президент оркестрінің  концерті өтті. Бұл концертті  Қазақстан – Павлодар телеарнасы арнайы келіп түсіріп, мереке күні телеарнадан  көрсетті. ҚР Тәуелсіздік күніне арналған ҚР Еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиев пен Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының  қазақ ұлт аспаптар оркестрінің концерті ұйымдастырылып өткізілді;Алматы қаласы, Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясында қазақ ұлт аспаптар оркестрі «Қазақ елі» атты концертін ұйымдастырып өткізді және өнер ордасының көрермендеріне ұмытылмас әсер қалтырды;Осы сапарда,  қазақ  ұлт  аспаптар оркестрі Республикалық «Хабар» агенствосының  Білім және Мәдениет арнасындағы «Ғасырлар пернесі» атты бағдарламасына түсіп, бағдарлама аталмыш телеарнадан бірнеше мәрте көрсетіліп және алтын қорында сақталып қалатындығы, біз үшін үлкен мәртебе;2015 жылы маусым айында Ақтау қаласында  Маңғыстау облысындағы Павлодар облысының мәдени күндерінде  облыстық филармония ұжымы кәсіби шеберліктерін жоғары деңгейде көрсете білді және Павлодар облыстық әкімдігімен Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және  құжаттама басқармасына тарту етілген Газель автокөлігі біздің еншімізге бұйырды. Мұндай құрмет әртістеріміздің кәсіби шеберлігін шыңдай түседі; Астана қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік шарада филармонияның шығармашылық ұжымдарынан 120 адам қатысты Қыркүйекте   Дирижер, Татарстанның Халық әртісі, Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі Ренат Салаватовтың қатысуымен симфониялық оркестрдің концерті өтті;Қазан   айында  Естай атындағы Мәдениет сарайында  дәстүрге айналған «Шахимардан достарын шақырады» атты ХІ халықаралық классикалық  өнер  фестивалі өтті сонда арнайы шетелден келген Ресей Федерациясының Еңбек сіңірген қайраткері- Валерий Ворона;Түркі елінен арнайы келген Халықаралық байқаулардың лауреаты Стамбул қаласының симфониялық оркестрдің дирижері - Михаил Искров қатысты;8-9 Сәуірде «Астана балет театрының» әртістері 2 күндік гастрольдік сапарға келді.2016 жылдың Қазақстандағы Италия мәдениет күндерінің аясында - дирижер, өңдеуші – Массимо Скапина және  Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының симфониялық оркестрінің кезекті концертін ұйымдастырып өткізді. Бас дирижері әрі көркемдік жетекшісі ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Болат Рахымжановтың  жетекшілігі мен ұйымдастырылған бұл кештің арнайы қонағы Италиядан келген N ello Salza көрерменге ұмытылмас әсер қалтырды. Әр сәтте өз тыңдармандарын таң қалтыра білген симфониялық оркестр ұжымы  бұл жолыда  сыйқырлы музыка әлемімен барша көкрерменді баурап алды. 2016 жылдың   20 маусымында тұңғыш рет мәдениет, өнер және архив саласы қызметкерлерінің форумы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысыӘбдіқалықова Гүлшара Наушақызыныңқатысумен өтті.2016 жылы 10 маусымда Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы 70 жылдық мерейтойына аралған Гала-концертін  Естай атындағы МС ұйымдастырып өтті.