«ХИТЫ ЗОЛОТОЙ ОСЕНИ»
2023 жылғы қыркүйектің 27 күні, сағат 19.00-де, Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының концерттік залында филармония ұжымдарының жаңа маусымның ашылуына арналған концерті өтеді.
Ұйымдастырушылар:
- Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы.
Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының шығармашылық ұжымы үшін күз мезгілі - әртістерге шығармашылық энергия, жаңа тыныс беретін және таң қалдыруға ниеттендіретін, жаңа жобалар, концерттер, гастрольдік сапарлар, конкурстар мен фестивальдар, көрермендермен көптен күткен кездесулер уақыты. Солистердің, хордың, вокалдық топтардың, ансамбльдердің және оркестрлердің әсерлі шеруі - бұның барлығы көрермендерді жаңа маусымда күтуде.
Қыркүйек айында сүйікті көрермендерге арналған керемет сыйлықтардың бірі - жаңа есімдердің ашылуымен ерекшеленетін «Хиты золотой осени» атты концерті болады. Осы кеш үшін арнайы барлық музыкалық ұжымдары бағдарламаларының ішінен ең әсерлі нөмірлер таңдалды: А.Морозов пен Н. Рубцовтың «Лад» орыс халық аспаптар ансамблі мен әдемі сопрано иесі Сара Садығұлованың орындауындағы «В горнице» әні, Frank Sinatra-ның «Strangers in the night» әні Айбар Ашкеевтің әсерлі қоңыр баритонымен шырқалады, Гатто Панкери мен Валерио Зеллидің «Vivo per lei» әнін Анель Қанатова мен Алмаз Мұқатайдың әсем дуэті, ал М. Арапбаеваның «Арманыма асығым барамын» деген әнін Жібек Айтбаева өнер сүйер қауымға паш етеді. Бағдарламаға камералық хор, «Ретро» вокалдық ансамблі, солситер Серік Рысбек, Наталья Процкая, Бауыржан Ахметов, Шолпан Ақылбек, джаз оркестрінің саксофоншылары, «Нұр» және «Шернияз» би ансамбльдері қатысады. Маусымның ашылуына арналған концерт өңіріміздің мәдени өміріндегі есте қаларлық оқиғасына айналады деген ниет білдірілуде.
Өтетін орны:Павлодар қ., Н.Назарбаев даңғылы, 1
И.Байзаков ат. филармонияның концерттік залы
Күні мен уақыты:2023 жылғы27 қыркүйек, сағат 19.00-де
Модератор:Қожанов А.Қ.
Эл.пошта: isa.baizakov2012@yandex.kz
Анықтама тел.: 8 (7182) 65-35-56, 68-02-97